1 наурыздан бастап Қазақстанда оқушылардың қалай оқитынын айтып берді.

0
12

Білім және ғылым министрінің орынбасары Шолпан Каринова өзінің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында 1 наурыздан бастап Қазақстанда оқушылардың қалай оқитынын айтып берді. 2021 жылғы 1 наурыздан бастап еліміздің бас санитар дәрігерінің 2021 жылғы 27 ақпандағы № 9 қаулысына сәйкес, жалпы білім беретін мектептердің 1-5 сынып және халықаралық мектептердің 1-7 сынып оқушыларын аралас форматта оқытуға рұқсат етілген. «Өңірлердегі санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, қай оқу пәндерінің штаттық немесе қашықтан оқыту форматтарында жүргізілуін және оқу сағаттарының санын анықтауды мектептер дербес шешеді. Бұл ретте мектептер осы оқу жылында қолданыстағы оқу жоспарларын басшылыққа алады», — дейді вице-министр. Сонымен қатар білім және ғылым министрлігінің «Көркем еңбек» және «Музыка» пәндерін 1-5 сыныптарда қашықтан асинхронды форматта қалдыруды, қалған пәндерді штаттық форматқа көшіруді ұсынып отырғаны белгілі болды. ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР Болашақ медқызметкерлердің шәкіртақысы қаншаға артады: Министрлік жауабы Каринованың сөзінше, тек ерекше жағдайларда, ауырғанда немесе науқастармен қарым-қатынас жағдайларында ата-аналардың өтініші бойынша балаларды қашықтан оқыту рұқсат етілмек. «Білім беру процесінің барлық қатысушылары санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауы тиіс. Мектеп басшылары балалардың қауіпсіздігін және денсаулығын сақтау үшін барлық жағдайларды қамтамасыз етеді. Білім алушылар мен педагогтер жеке гигиена ережелерін және санитариялық қауіпсіздік шараларын сақтайды», — дейді ол. Вице-министр ата-аналар тарапынан балалардың жеке гигиенаны сақтауы және әлеуметтік қашықтықты сақтау қажеттігін түсіндіру өте маңызды екенін атап өтті. «1-5 сыныптардың барлық оқушыларын мектепке қайтару бастауыш мектеп деңгейінде базалық білімнің, қажетті дағдылар мен құзыреттердің қалыптасуымен байланысты болып отыр. Олар үшін әлеуметтену және қарым-қатынас процестерінің жалғасуы, оқыту кезінде ұжымдық өзара қарым-қатынастың қол жетімді болуы маңызды. Сондықтан бірінші кезекте осы сыныптар бойынша шешім қабылданды», — дейді Шолпан Каринова.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ