Ақтөбеде банк қызметкері клиенттердің ақшасын ойынға тіккен

0
11

Ақтөбедегі банктердің бірінде менеджер клиенттердің есепшотынан ақша алып, оларды ойынға тіккен, — деп хабарлайды Рolisia.kz.

Ведомство мәліметі бойынша, өткен айда бірнеше адам полицияға арыз түсіріп, есепшотынан ақша жоғалғанын айтқан.

«Полиция қызметкерлері тергеу барысында қаржы мекемесінің 21 жастағы қызметкерін анықтап, ұстады. Күдікті үш ай бойы төрт адамның есепшотынан ақша алып отырған. Жәбірленушілер ақша жоғалғанын байқамас үшін күдікті 30 мың теңгеден бөліп, 1 миллион 300 мың теңге қаржы иемденген. Ұрланған ақшаны букмекерлік кеңселерде құмар ойынға тіккен», — делінген ведомство хабарламасында.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ