Алматы облысында автобуспен соқтығысқан көлік жүргізушісі қайтыс болды

0
11

Алматы облысында автобуспен соқтығысқан көлік жүргізушісі қайтыс болды (видео) 9 наурыз, 14:39 Оқиға орны. Фото: instagram.com/kris_p_talgar Алматы облысында жантүршігерлік жол апатына түскен көліктің видеосы жарияланды. Болған жайтқа қатысты өңірлік полиция департаменті пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі. Әлеуметтік желіде адам өліміне әкеп соққан жол апатының Талғар-Ақбұлақ жолында болғаны айтылған. «1980 жылы туған ер адам көз жұмды. Басқа зардап шеккендер жоқ. Автокөліктерде жолаушылар болмаған», — делінген жазбада. Бұл жайтқа қатысты Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі пікір білдірді. Ведомство  апатының 9 наурыз күні Талғар-Ақбұлақ жолында сағат 08.00 шамасында болғанын хабарлады. Алдын-ала мәліметтер бойынша Mitsubishi Galant жүргізушісі «ПАЗ-3206» автобусына жол бермеген. Салдарынан екеуі соқтығысқан. Оқиға орнында алған жарақаттарынан Mitsubishi Galant көлігінің 41 жастағы жүргізушісі қайтыс болған. Басқа зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ