Қарағанды облысы «сары» аймаққа өтті

0
5

Қарағанды облысы коронавирустың таралуы бойынша «сары» аймаққа өтті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ВАК-қа сілтеме жасап.

2021 жылғы 9 маусымдағы жағдай бойынша, Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Нұр-Сұлтан әлі күнге дейін «қызыл» аймақта.

Қарағанды облысы «қызыл» аймақтан шығып, «сарыға» өтті.

Қалған өңірлер бойынша эпиджағдай көрсеткіші өзгеріссіз қалды.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ