Қазақстанның бір өңірі «қызыл» аймаққа оралды

0
15

Ақмола облысы коронавирус таралуы бойынша «сары» аймақтан «қызылға» ауысты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-қа сілтеме жасап.

2021 жылғы 08 қазандағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы мынадай:

«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары.

«Сары» аймақта: Шымкент қаласы, Алматы, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары.

«Жасыл» аймақта: Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау, Атырау, Қызылорда облыстары.

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ