БАСКЕТБОЛДАН ФИЛЬМГЕ ДЕЙІН

0
146
Қанағат Мұстафин

Негізі толықметражды «Брелок» деген фильмім өзімнің биографиямнан алынған. 3 сыныптан бастап кәсіби түрде баскетболмен айналыса бастадым. ЦСК баскетбол құрамасында ойнадым.15 жасымда мастер кандидат спорта деген атақ алғаным тағы бар. Кино әлеміне спорт әлемінен келдім.Соның ішінде баскетбол арқылы деуге әбден болады. Бір күні баскетбол ойнауға жаттығу жасап жатқан сәтіміз еді. Жарнамалық агенттіктен жасөспірімдер туралы әлеуметтік ролик түсірейін деп жатыр екен. Біздің команданың құрамында 30 адамдай ойнайтын.Оның ішінде 15 адам резервте еді. Сол сәтте Толи Ахметова деген кісі осы 30 баланың ішінен тек 2 баланы актер ретінде ғана аламыз деді.Сол себепті өзінің өнерін жақсылап көрсетсін дегенді естіген тренеріміз жаттығуды болдырмай жай ойын түрінде өткізді. Бұл бір бүгінде еске алатын қызық оқиғалардың бірі болды.Өйткені,жасым 13-те ғана еді.Сьемка дегенді білмейміз.Сонымен Дәулет деген жігіт екеуміз түстік.Сол кезде түсірілімде Ақан Сатаев болған. Жасы 25 шамасында ғой деймін… Қарым-қатынасым жақсы болғандықтан түсірілу алаңында өзімді еркін сезіндім. Тәжірбие жағынан Ақан ағамыз көмектесті. Бала болғандықтан кәмпит беріп дегендей.(Күлді) Кейін түскен жарнамамызды туысқандарымыз көріп,қуанып дегендей.Жұлдыз демесем де,өз арамызда танымал болып кеттім. Түскенім үшін 200$ берілді.Ол кезде кәдімгідей ақша ғой.Қазірдің өзінде де ақша ғой негізі… Содан бастап түсіру мен түсу процессі өзіме қызық бола бастады. Кино түсіріліміндегі адамдарға хабарласып,киноға түсуге рөлдер бар ма,жоқ па сұрастыратын едім.Ол кісілер маған сенің жасың әлі жетпейді деп айтатын еді.Бала кездегі алғырлығымның арқасында Ақан Сатаевтың 1-2 фильміне түсіп үлгердім.Қазақфильмнің бірнеше жариялаған кастингтеріне барып,бағымды сынап көрген кездерде де болды. «Көре көре көсем болады» демекші, жүре келе тәжірбие арқылы әр қызметкердің жұмысын бақылап үйрене бастадым.Мәселен,режиссердің қандай тенология,қандай әдістер қолданатынын үйрене бастадым.2005 жылы Тимур Бекмамбетовпен жұмыс бірлесе жұмыс атқардым.Фильміне эпизодтарға түсіп заманауи технологиямен жұмыс атқаратын түрлі графиканы үйрендім.Үйренгенде қалай? Айтқандары есімде ғана.Бала кезден бұл салаға қызығып өскендіктен,экранның ішінде емес,экранның сыртындағы жұмыстар қызықтырды.

АЛҒАШҚЫ  БІРЛЕСКЕН ЖҰМЫС

Алғашында кішігірім бизнес ашып,сол кірісті киноға салдым. 2007 жылы Айдархан Адильбаевпен бірлесе “KANAIDAR Production” компаниясын құрдым. Ең алғашқы туындым қысқаметражды «Ажал» фильмім түсірдік. Осы алғашқы тырнақ алды туындымыз Киевтегі халықаралық байқауда бақ сынап көрейік деген ниетпен қатысып едік.Уақыт өте келе бізге Киевтен хабарласып байқаудан ресми түрде өткенін хабарлады. Айдархан екеуміз басында сенбегеніміз рас.Кейіннен ресми түрде жібергендіктен кинофестивальге бардық.Үлкен танымал режиссерлермен тілдесіп сол кезде үлкен мәрте болған еді.Бір ай бұрын көріп жүрген адамдар қасыңда жүргенін көру, біз үшін бір мәртебе болды.Өйткені,кино саласында алғашқы қадамнан-ақ, осындай жетістікке жеткеніміз біз үшін қуаныш еді. 2009 жылы «Рывок»  фильмін түсірдік. 2011 жылы Голливудқа барып білімімді қосымша жетілдіріп келдім.Кейіннен келіп «Айналайын» телесериалын түсіруге кірісіп кеттім.Нәтижесінде 8 шақты сериал түсіріппін. «Өмір сынағы» деген сынды фильмін түсіріп те үлгердік.

«16 ҚЫЗ» ФИЛЬМІ

2016 жылы «16 қыз» фильмін түсірдік. Бұл фильмді түсіру идеясы қайдан келді деген сауал баршамызды қызықтыратын шығар. Көлікте келе жатқанымызда «Дос Мұқасан» тобының «16 қыз» әнін естігенде дайын тұрған фильмнің идеясы деген ойға келдік. Кейін сценарийін ойластыра бастадық. 16 қызға арналған конкурс өтсе,басты кейіпкер Тайлаққа ұқсайтын кейіпкер болса деп ойластырдық. Айдархан Адильбаевпен бірлескен жұмыстың бүгінде нәтижесін көріп отырмыз.

Әрқашан қазақтың салт-дәстүрін көрсетсем деген ойымнан таймай «Белқұда» атты отандық өнім арқылы  көрсеткім келді. Бәлкім, белқұданы білмей кетуі де мүмкін еді ғой. «Той любой ценой» фильмінде де, қыдыр атаны түсірдік.Жастар бұл фильмді көріп әлеуметтік желі арқылы болсын ол не екен деп қызығып сұраса бұл көрсеткіш деп білемін.Демек,мақсатымның орындалғаны.Менің мақсатым қазақтың салт-дәстүрін дәріптеу,құндылықтарын жоғары қою.

БИЗНЕС ПО КАЗАХСКИЙ СЫНДЫ ЖЕҢІЛ ӘЗІЛДІ ТҮСІРГІМ КЕЛМЕЙДІ

Өзім спортпен шұғылдансам да шығармашылық отбасыдан шыққанмын. Әкем Оралдан,анам Батыс Қазақстаннан.Бала кезімнен қазақтың салт-дәстүрін бойыма сіңіріп өстім.

Әкем белгілі жазушы  Құрманғазы Қараманұлы.Ал, анам «Ақ босаға» газетінің бас редакторы. Бала кезімнен кітап оқы деп тапсырма беретін,сол кітапты оқып бітірмесем жазалайтын еді.Өзім жастардың арасында жүргендіктен жастар тілінде сөйлей аламын.Менің негізгі мақсатым 10-15 жылдан кейін киномды әлі қарайтын болса,мақсатым орындалды деп есептеуге болады.Жеңіл сценарийді алып кино түсіруді қаламаймын. Мәселен,ерлердің әйел кейіпінде рөлді сомдау деген сынды немесе «Бизнес по Казахски» сынды жеңіл әзілді түсіргім келмейді.Ақшаның артынан қуатын болсам түсіруге болады әрине,алайда ол менің қолымнан келмейді. Өйткені,бір күндік фильм түсіргім келмейді. Ешкімді ренжіткім келмейді әрине,бірақ кинодан шыққаннан кейін, фильмнің сюжетін ұмыта бастайсың.

ЖУРНАЛИСТИКА САЛАСЫНДА ҚЫЗМЕТ АТҚАРДЫМ

Менің кумирім менің әкем. «Көк аспан,қара жер» деген газет шығарған болатын.Сол бойынша қызмет атқарды. 14 жасымнан бастап анамның «Ақ босаға» газетінде де,бағымды сынап көрдім. Сол кезден бастап жұлдыздармен таныса бастадым. 18-25 жас аралығында «Звезда за рулем» деген рубрика жүргіздім. Сол кезде ресейлік әншілермен де кездестім. Алайда,бұл салаға мамандық ретінде қарамадым.Тек менің кино әлеміме бір қадам бастауыма көмек көрсеткен хобби ретінде қараймын.

ТЕЛЕПОРТ  СЕРИАЛЫ

Бұл жобаға екі жылдан асып кетті. «ARAI MEDIA GROUP» бірлесе Телепорт фильмінің 2 бөлімін түсіруге ұйғардық. Басты кейіпкер Айнұр есімді студент қыз анықтама алуға хатшыға келеді. Сол сәтте екеуін бірдей тоқ ұрып,бірақ аман қалады. Айнұр ұйықтаған сәтінде түсінде ХІХ ғасырға саяхаттап қайтады.Алайда,оянса бәрі орына келе қалады. Құлақпен естігенше,бір рет көрген артық демекші,көзі қарақты көрермен көрсе фильмнің желісін түсінеді.

АКТЕРДІҢ ТАНЫМАЛДЫЛЫҒЫ ӘСЕР ЕТТІ

Қазіргі таңда көбі комедия жанры болып кеткендіктен, актердің танымалдылығы бұл жанрға көп септігін тигізбек. Әсіресе,кассаға үлкен көмек. Толыққанды 100 пайыз керек деген заман өтті негізінен. Голливудтан жұлдыз әкеліп түсіріп сценарийін нашар болса актер бұл жобаны құтқармайды.

ІШІМДІККЕ ЖАҚЫН АКТЕРМЕН ЖҰМЫС ЖАСАМАЙМЫН

Аттарын айтсам ұят болып қалар.Бірақ ондай оқиғалар болмады емес болды. Өзімнің тәжірбиемде түсірілім кезінде ішімдікке жақын адамдармен жұмыс істемеймін.Ал,жұмыстан тыс адамның өз еркі деп санаймын. Менің өмірлік қағидама айналған. Менің тәжірбиемде болды «Айналайын» телесериалын түсірген сәтте акте ішіп келген. Рөлге кіре алмай,біресе сөздерін ұмытып көзі көкпеңбек болып келген еді.Сол сәттен бастап ол актермен жұмыс әстеуге бас тарттым. Белгілі актер болғандықтан шығара алмайсың деп көкірегін көтерген сәтте,продюсерлермен ақылдасып шығарып жібергеніміз бар.Алайда түсірілімді үш күнге тоқтаттық.Оқиға желісі қайтадан жасалды. Сонымен әлгі актерді Турцияға демалуға кетті деп өзгертім түсірілімді жалғастырдық.

ОН МЫҢДАЙ ФИЛЬМ КӨРДІМ

Мен негізі киноны өте көп көремін. Бір жарым жыл жұмыс істесем, жарты жыл демаламын дегендей,бос уақытымда алғашында көрермен ретінде кейіннен,режиссер ретінде киноны қарап тәжірбие аламын. Осы уақытта дейін он мыңдай фильм қараған шығармын. Күніне 3 кинодан көремін. Әр кезеңге бөліп қоямын. Таңертең,күндіз және кешкі уақытқа. Атап айтатын болсам, Роберто Бениньи «Жизнь прекрасна». Осы фильмді 50 рет көрген шығармын.Рустем Абдрашевтің «Ауылдан бір қыз келді» деген фильмі ұнайды. Талғат Теменовтің «Махаббат станциясы» фильміде көзді қуантарлық жағдай.

 

 

 

МЕРУЕРТ МЕРЖАН

ПІКІР ҚАЛДЫРУ