Биолог: COVID-19 адам өмірін қысқартады

0
13

 

COVID-19 салдарынан адамдардың орташа өмір сүру ұзақтығы 1,5-2 жылға қысқарып келеді. Мұндай мәліметтерді РИА Новостиге Джордж Мейсон университетінің жүйелік биология мектебінің профессоры Анча Баранова ұсынған. Оның айтуынша, коронавирус — жүйелі ауру және оны бірнеше рет жұқтыруға болады. «Коронавируспен ауырудың кез келген эпизоды адам өмірін аз да болса қысқартады. Кейбір жағдайларда, тіпті айтарлықтай қысқартуы мүмкін. Бүгінде адам өмірінің орташа ұзақтығы қысқаруына қатысты күрделі мәселе шешілуде. Қазірдің өзінде дамыған елдерде (статистика бойынша) өмір сүру ұзақтығы орта есеппен 1,5-2 жасқа қысқарған. Бұл коронавирустың салдарынан болды», — дейді Баранова. Ол мұндай тұжырымды Америка Құрама Штаттарының статистикасы негізінде жасауға болатындығын түсіндіріп, Ресейде өмір сүру жасының қысқаруы бойынша айтарлықтай айырмашылық жоқтығын алға тартты.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ