«Бір үй — бір бірлестік — бір есепшот»

0
19

 

БҚО-дағы барлық тұрғын үйлер көп ұзамай тұрғын үй шаруашылығын басқарудың жаңа формасына өтетін болады. Басқару формасын меншік иелері өздері анықтайды. Олардың алдында екі түрлі таңдау бар. Меншік иелерінің бірлестігін немесе көп пәтерлі үйдің серіктестігін құру. Осы орайда облысқа арнайы Елордадан маман келіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Қазір облыс орталығындағы көп пәтерлі баспана тұрғындарының 70 пайызына әкімдік қызметкерлері түсіндірме жұмыстарын жүргізген. Бұл Н.Назарбаев даңғылы 249 мекенжайындағы тұрғын үй. Тұрғындар жаңа «Бір үй — бір бірлестік — бір есепшот» жүйесіне ауысуға қарсы емес. Тек бұл бастама үй иелерінің игілігі үшін жұмыс жасаса болды дейді.

-«Жұмыс жұмылып ұйымдастырылғанда ғана сәтті жүзеге асырылыды. Сол себепті тұрғын үйді күту жұмыстары уақытылы атқарылуы тиіс. Және жұмсалған қаражаттың қайда кеткені туралы біз білуіміз керек. Мәселен, біздің үйіміздің сырты ақталып, қажетті жұмыстар уақылы орындалса болды. Қазір ай сайын 2 мың теңгеден аса ақша төлейміз. Оның қайда жұмсалып жатқанын білмейміз»-дейді үй тұрғыны Әлия Мырзахметова.

Енді Орал қаласындағы 1247 көппәтерлі тұрғын үйді басқарудың формасы өзгереді. Бұл жұмыстарды жүргізу үшін үш жыл мерзім берілген. Сол мерзім алдығ жылы бітеді. 2022 жылдың 1 шілдесінен бастап қаладағы пәтер иелері кооперативтері, кондоминиум нысандары өз жұмысын тоқтатады. Оралдағы 450 үй жаңа жүйеге толықтай ауысты. Мамандардың айтуынша, тұрғын үй қатынастары саласындағы реформалар азаматтардың шағымдары мен наразылығынан туындаған.

«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың казақстандық орталығы» АҚ директоры тұрғындармен кездесу барысында жаңа жүйенің артықшылықтарын түсіндірді.

Бұрын көппәтерлі тұрғын үйді басқарудың төрт формасы болатын. Олар — пәтер иелері кооперативі, кондоминиум нысандары, басқарушы компаниялар мен басқа да формалар. Ал қазіргі қолданысқа енген Заңға сәйкес мұндай үйлерді басқарудың екі формасы енгізілді. Олар — мүліктің меншік иелері бірлестіктері мен қарапайым серіктестік құру. «Қазақстан Республикасының Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына осындай өзгерістер енгізіліп, бұл құжат былтыр 7 қаңтарда күшіне енді.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ