Дәстүрлі оқу форматына қашан көлеміз?

0
14

Білім және ғылым министрлігі университеттерде білім беруді дәстүрлі форматқа ауыстыруға қатысты пікір білдірді деп хабарлайды Қазақпарат. Бұл туралы білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрағасы Гүлзат Көбенова орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында айтты. Оның сөзінше, дәстүрлі форматқа ауысу бойынша Денсаулық сақтау министрлігі өз тарапынан тиісті шешімді қабылдайды. Бұл мәселе эпидемиологиялық жағдайға байланысты. Егер тиісті рұқсат болса, онда жоғары оқу орындары қуана-қуана дәстүрлі форматқа көшеді, деп түсіндірді комитет басшысы. Естеріңізге сала кетейік, Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов Орталық коммуникациялар қызметіндегі онлайн брифингте университеттер лицензиясынан неге айырылатынын айтты. Сонымен қатар, ол Қазақстандағы тағы бірнеше университетті жабу жоспарын жария етті. Одан бөлек, Дәуленов қандай жағдайда университет лицензиясынан айырылмайтынын айтты.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ