Діни экстремизммен күрес нәтижесі ретінде «Жусан операциясы»

0
178

Бүгінгі таңда деструктивті ағымдар өз идеологиясын таратуда. Деструктивті және діни экстремистік топтар тарапынан жүргізіліп отырған кең көлемді насихат жұмыстарының мақсаты ортақ – әрбір шаңырақта өшпендiлiк пен алауыздық отын тұтату және қоғамдағы ауызбіршілікті жою, сол арқылы мемлекеттiң ұлттық қауіпсiздiгі мен қорғаныс қабiлетiне нұқсан келтiріп, елдің конституциялық құрылысы мен аумағының тұтастығын бұзу. Оған мысал ретінде Қазақстанда орын алып жатқан түрлі жағдайларды келтіруге болады. Сондай мәселелердің туындау себептері мен алғышарттарын қарастырсақ. Әр мемлекет пен қоғам үшін экстремизмнің пайда болу себептері әртүрлі, олар субъективтік және объективтік жайттарға қатысты болады. Дегенмен, экстремизмнің пайда болуы мен таралуына қажетті базистік жағдайлар анықталған, олар барлық қоғам мен мемлекеттерге сәйкес келеді. Мысалы, Д. Ольшанский, заманауи шарттылықтарда экстремизмнің пайда болуына ықпал ететін: әлеуметтік-экономикалық дағдарыстар, халықтың басым бөлігінде өмір сүру деңгейінің төмендеуі, саяси институттар мен билік құрылымдарының шұғыл деформациялануы, олардың қоғамдық дамуға қатысты қордаланған мәселелерді шеше алмауы, саяси режимнің тоталитарлық сипатта болуы, билік тарапынан оппозицияны басу, өзге пікірдегілерді бақылау, ұлттық негіздегі езгі, жекелеген топтардың өз мүдделерін шешуге ұмтылыстары, лидерлердің саяси амбициялары және т.б. факторларды айқындайды.

Діни экстремизммен күрес тәжірибесі қазіргі заманның өте маңызды міндеті болып табылады, өйткені бұл мәселе жаһандық сипатта болып отыр және оны дер кезінде шешпеу – «өркениеттердің қақтығысын» (С. Хантингтон), «тарихтың аяқталуын» (Ф. Фукуяма) қажет етпейтін адамзат дезинтеграциясына әкеліп соғуы мүмкін.

Тұңғыш Президент, діни экстремизммен күрес нәтижесінде құрылған «Жусан» операциясы барысында болған жағдай жайында : «Жақында біз көрдік, соғыс жүріп жатқан жерден, терроршылардың қолынан тартып алдық. 47 азаматымыз болды. Біздің және басқа елдің арнайы қорғаныс қызметкерлері үшін бұл өте маңызды және қауіпті операция болды. Азаматтарды алдап, көктегі жұмақты уәде еткен, сосын сол жаққа алып кеткен. Олар соғысты, ал енді осы терроршыларды барлық ел бомбалап, өлітіріп жатыр. Біздің азаматтар да ұсталып қалды. Жүздеген адам. Көбін өлтірді. Біз бұл жұмысты (тірі қалғандарды елге қайтаруды) жалғастырамыз».

 «Жусан» операциясының «Жусан» аталуының өз ұғымы бар. Сөз түсінігі   Мұратбеков Сайынның «Жусан иісі» атты шығармасының «Алыста қалған балалық шағым…» -деген сөздерінен-ақ аңқып тұрғандай. Жапанда  қалып, алданып, өзге сенімге еріп,  тұрпайылардың тұзағына түскен жандар, оған қоса әйел бала-шағасымен, өзіміздің қазақтар… Қалай ғана мұндай жағдайға көз жұма қарай аламыз?! Осы сұрақ Тұңғыш Елбасымыздың көкейінен орын алғаны сөзсіз. Сол себепті де Ұлттық Қауіпсіздік комитетін орнынан қозғап, қара көз қазағымыздың Отанға оралулары үшін барлық шараны қолдануларын тапсырған.

Операция қалай өрбігені жайлы айтар болсақ, төменде келтірілген материалдарға назар аударайық.

Ақтау халықаралық әуежайынан күндізгі 11:30 де 5 қаңтар 2019 жылы балалар жаялығы мен индивидуалды тағам түрлерімен Kazakhstan Air Force 168 ұшағы қайда ұшып кетті?

Қазақстан азаматтарын Сириядан эвакуациялау мақсатында 15:45те мақсатты орынға жетті. Оранған орамалдылар, бала-шағалы отбасы, өздерін сақалды сарбаз санаған азаматтар. Кішкентай сәбилерге дейін бар. Тексерістен өтіп отандық ұшаққа бет алып жатыр. Қажетті жабдықтар беріліп, азық –түлікпен қамтамасыз етілді.

Келесі этапта азаматтардың көзін жауып, тіркеу үшін сұрақ-жауап болып жатыр. Аты-жөні, туылған жылы, қай қаладан келгендігі сұрастырылуда. Кішкентай балаларға тамақ беріліп, кітап таратылып, ойыншықтармен ойнатып отырған қазақ сарбаздары көзге түседі. Қыз балалардың қолында қуыршақ, басында хиджаб.

Эвакуация орнынан кешкі сағат 19:30 да ұшақ жолға шықты. Сириядан оралғандардың сөйлеу тілі қазақ-орыс. Ақтау халықаралық әуежайына 2019 жылдың 6-шы қаңтарында түнгң сағат 02:10 ұшып келді.

Ұшақтан түсіп жатқан моншақтай бөпелерді көріп көзіңе жас келеді. Қолдарындағы жүктерімен барлығын автобусқа тиеп жатыр. Жылы киімдермен қамтылған. Автобус деттеген жеріне барып барлық эвакуацияланған азаматтарды 04:32 де карантин орталығына орналастырды.

Әлеуметтанушылар мен психологтар тобының жұмысына жүгіну басталды. Түсіндіру жұмысында қазақ-орыс тілі қолданылды. Елге орағандар тарапынан өкініш білдірілді. Жасаған әрекеттері дұрыс болмағанын түсінді. Отанға оралғандарына дән риза!

Отанымызды тастап сатып кеткен болсақ та, еліміз бізді бөтен елде қалдырмай артымыздан ұшақ жібертіп бізді алдыртқандары үшін не күлерімді, не жыларымды білмей қалдым деген көңіл толқуларын айтты, эвакуацияланғандар.

Азаматтығымыздан айырмай елге қайтарғандары үшін ұлкен рахмет деген ілтипат білдірілді. Балаларға арналған арнайы бөлмеде көптеген ойыншықтар мен қараушы азаматтар болды. Кішкентайларға «қайдасыңдар, білесіңдер ме?» деген сұраққа бүлдіршіндердің «Қазақстан» деген жауаптарын естисің.

Бұл эвакуациялау жұмысына «Жусан операциясы» деген атау берілді. Қаңтар айында отанына 47 адам оралды. Оның ішінде 11 әйел, 30 бала көбісі 1-5 жас аралығында.

PhD доктор Утебаева Д. С. Ғылыми жетекшілігімен Оспанова А.Д 

1 курс магистранты

www.kaznu.kz

ПІКІР ҚАЛДЫРУ