Діни сауатсыздық Сириямен шектеледі

0
140

Баршамызға белгілі, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Елбасымыздың тапсырмасымен Отанын тастап «Шахид болғым келеді» деген ұранмен отбасын ала қашып Сириядан бір-ақ шыққан қандастарымызды сатқындықтарына қарамастан елге қайтарды. Дінді шала меңгерген шалбарлы азаматтар өз сенімін ақиқат санап, мақсатым –Жаннаттық болу деп шахидтықтың жолын Сириядан іздеді. Өзі ғана шет ел асып кетсе мейлі ғой, омыраудағы баланы анасымен қоса алып кеткені не қылғаны? Мұндай жағдайлар қалай белең алады? Неге Сирияға барып, соғысып, сонда қаза тапсам шахид боламын деп түсінеді? Шахид деген сөздің мағынасы не? Шахид, шейіт — дін жолында өзін құрбандыққа шалған, азап шегіп өлген адам. Хадистерде айтылғандай Шахид өз иманының беріктігін дінсіздерге қарсы соғыста өзін құрбан ету арқылы дәлелдеген. Оған қабірде, барзақ әлемінде өтуге тиіс сынақтарға соқпай, бірден жұмаққа баруға кепілдік берілген, сондықтан оларды жерлер алдында денесін жуудың қажеті жоқ. Шахидтің жер бетіндегі барлық күнәлары кешіріледі, жұмақта ол Алла тарапындағы құрметті орынға ие. Уақыт өте келе өз ажалынан өлмеген мұсылмандардың бәрін шахидтер деп санайтын ұғым пайда болды. Ислам атын жамылған, жалаң идеологияның жетегіндегі діндарлардың кейде қасақана өлімге ұмтылуын, өзге де бейкүнә адамдардың өмірінің қиылуына себепкер болуын шахидтікке балау мысалдары бар. Бірақ өзгенің өліміне себепкер болу ғана емес, өзін-өзі өлтірудің өзі ислам тарапынан кешірілмес күнә ретінде айыпталатындықтан шын мәніндегі шахид ұғымының мағынасы әлдеқайда терең. Дәстүрлі қазақ қоғамы жоғары адамгершілік құндылықтар үшін елдің тұтастығы, отанының тәуелсіздігі, халқының бостандығы үшін табандылықпен күресіп, ақиқат жолдан таймай, жан пидалықпен дүниеден өткен, осы жолда құрбан болған адамдарды ғана шейіт деп білген. Діни сауасыздықты ту етіп, мен барлығын білемділікке салыну ең басты адами қателік деп білемін. Білім ол жерде жатқан тас емес, кез –келген адам көтеріп кете беретін, білім –оқығанға жол көрсетер сәуле, оқымағанға түсініксіз болған бір әуре. Радикалды бағыттағы ғалымдардың етегіне жармасып, деструктивті діни ағымдардың жетегінде кеткен азаматтар қазіргі таңда экстремизм мен терроризмнің әскеріне айналып барады.Сондай әрекеттердің ошағы болып тұрған Сирия мемлекетінен қайтарылған Қазақстандық азаматтар мен азаматшаларды ресоциализациялау жұмысы дінтанушы, психологтар мен әлеуметтанушылар тарапынан қарқынды жүргізіліп жатыр. Дегенмен, бұл көрсеткіш олардың бірден қоғамға сіңіп кеткендігін көрсетпейді. Жасаған діни сауатсыздық әрекеттерінен кейбірінің өкініштен өзегі өртенсе, енді бірі Сирияға қайта оралудың жолын іздестіруде.

Ғылыми жетекші: Утебаева Д.С PhD доктор

Оспанова А.Д 1 курс магистрант

www.kaznu.kz

ПІКІР ҚАЛДЫРУ