Франция президентін ұрған адам түрмеге қамалып, айыппұл төлеуі мүмкін

0
37

Құқық қорғаушы Алан Дюфло президент Эммануэль Макронның бетінен ұрған ер адам түрмеге қамалып, 45 мың еуро (23 миллион теңге) көлемінде айыппұл салынуы мүмкін екенін айтты, — деп хабарлайды РИА Новости.

«Қылмыстық кодекстің 222-13-бабында егер болған жайттан кейін сегіз күн ішінде президенттің жұмыс істеуге мүмкіндігі болмаған жағдайда…3 жылға дейін бас бостандығынан айырылып, 45 мың еуро көлемінде айыппұл салынуы мүмкін», — деді адвокат Алан Фюфло.

Еске салайық, кеше, 8 маусымда Франция президентін шапалақпен ұрған ер адамның видеосы тараған болатын. Әлеуметтік желілерде пайда болған видео кадрларында ел президенті адамдарға жақындағанын, ер адамдардың біреуін қолынан ұстап тұрғанын көруге болады, бірақ тұрғын оны ұстап тұрып, екінші қолымен шапалақпен ұрады. Осыдан кейін жағдайға күзетші араласады, Франция президенті бұл маңнан кетіп, ал сақалды адам ұсталады.

Телеарна хабарына қарағанда, оқиғаны Елисей сарайының өкілдері растаған, бірақ олар шапалақ туралы емес, шапалақ жасауға оқталу туралы айтып отыр. Оқиғадан кейін екі адам ұсталған.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ