Әлия Юсупова Қазақстан гимнастика федерациясын басқарады

0
45

 

Әлия Юсупова Қазақстан гимнастика федерациясын басқарады
Афины мен Бейжіңдегі Олимпиада ойындарының қатысушысы Әлия Юсупова Қазақстанның гимнастика федерациясының басшысы болып сайланды. Бұл жөнінде республиканың Ұлттық олимпиада комитетінің сайты хабарлады.

Белгілі болғандай, басшыны сайлау федерацияның есепті конференциясы кезінде өткен. Бұған дейін федерация басшысының қызметін Халық банктің басқарма төрағасы Үміт Шаяхметова атқарып келді. Айта кету керек, Шаяхметова он жыл бойы – 2011 жылдан бері осы қызметте болды.

«Бұл мен үшін де, басқалар үшін де күтпеген жағдай болды. Бұл тағайындау менің жұмысымдағы жаңа кезең. Осы орайда, маған сенім артқан Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Рахметоллақызына, сондай-ақ, он жыл көлемінде жұмыс атқарған Үміт Болатханқызына алғыс айтамын. Команданың бас бапкері міндетін де одан әрі жалғастыра беремін, өйткені, жаңа жұмысым қоғамдық қызметке жақын. Екеуін де қатар алып жүремін.

Біздің мақсатымыз айқын – еліміздегі спортты дамытып, жақсы нәтиже көрсету. Әрине, алғашында оңай болматынын түсініп тұрмын. Дегенмен, менің тәжірибем, білімім мен күш-қуатым, сонымен қатар, Федерация мүшелерімен тығым байланысым көптеген сұрақтың шешімін табады деген ойдамын. Біз бірлесе отырып, Федерациямыздың құрамын енетін әрбір спортты дамытамыз», — деді Юсупова.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ