«Мұрны мен қабырғасы сынған»: 15 жас үлкен күйеуінен қорлық көрген әйел азапты өмірі туралы айтты

0
21

Алматыдағы тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған орталықтан қилы тағдыр иелерін кездестіруге болады. Солардың бірі – жақында ғана мұрны мен қабырғасын сындырып, дағдарыс орталығынан пана тапқан Мәриям. Үш жасында анасынан жетім қалып, кейін өзінен 15 жас үкен кісіге тұрмысқа шыққан ол өмірінің мұншалықты қиын боларын сезбеген де. KAZ.NUR.KZ порталына сұхбат берген келіншек мұндай ауыртпалықты ешкімге тілемейтінін айтты. «Анам үш жасымда қайтыс болды. Оның қазасынан соң мені ешкім керек етпеді. Әкем анамның қазасынан алты ай өткен соң басқа әйелге үйленді. Ал мен олардың көзіне шыққан сүйел сияқты едім. Өгей шешем мені ашық түрде жек көріп, үйден шеттете бастады. Мен оған әкемнің өткен шағы ретінде елестейтінмін. Осыдан соң, өзімді біреуге қажет сезінгім келді. Біреудің маған қорған болғанын қаладым. Сөйтіп, 14 жасымда маған ешқандай жылу бермеген үйден қашып кеттім», — дейді ол. «Көп көмегі тиді»: Жұлдыз Әбдікәрімова қарт енесі туралы айтып берді Мәриям өзінен 15 жас үлкен ер адамға тұрмысқа шығады. Себебі, жетімдіктің азабын тартқан жасөспірім қызға ол қамқор жан болып көрінген. «Тұрмысқа шыққанымнан бақыт тапқам жоқ, тек опық жедім. Мен күйеуімнің әйелі емес, құлы болдым десем, өтірік емес. Үйдің шаруасынан бас көтермей, мал қораны тазалаумен күндер өтті. Бала туып бергенім де күйеуімнің көңілін жібіткен емес. Кез келген шалым қадамым үшін қатаң жазалайтын. Осылайша, 16 жыл бойы азапты өмір сүріппін», — дейді келіншек. Мәриям күйеуінен таяқ жеуден шаршаған. Ол үйінен қашып кететін кезде ашулы жолдасы қабырғасы мен мұрнын сындырады. Таныстары арқылы дағдарыс орталығына келген соң, дәрігерлер оның жарақаттарын емдеуге кірісті. Бүгінде Мәриям балаларымен бірге бақытты отбасы болатынына сенімді.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ