Мысыр президенті бала тууды шектеді

0
17

Мысыр президенті Абдель Фаттах ас-Сиси азаматтарды бала тууды шектеуге шақырды деп хабарлайды «Хабар 24». Абдель Фаттахиың айтуынша, елде қазіргідей өсім сақталса, халық саны жыл сайын 2 миллион адамға көбейіп, тұрғындардың әл-ауқатының жақсаруына кедергі келтірмек. Ал 2052 жылға қарай Мысыр халқының саны 193 миллионға жетеді екен. «Сондықтан Мысыр үшін ең тиімдісі, жылына 400 мың адамға көбею», – дейді ол. Бірақ билік мәселені қатаң заңмен реттеуге ниетті емес. Ресми дерекке сүйенсек, қазір Мысыр халқының саны 100 миллионнан асады.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ