Оралдағы топырақсыз көкөніс өсіретін жылыжайда өнім жиналды

0
22

Топырақсыз, жаңа технология бойынша өнім өсіретін бұл жылыжай еліміздегі ең ірі кешендерінің бірі. Нидерландтық технология бойынша жұмыс істейді. 150 адамды жұмыспен қамтып отырған жылыжайда жылына 7,3 тонна көкөніс өсіруге мүмкіндік бар. Жылыжай кешені Бәйтерек ауданы Новенький ауылы маңында бой көтерген. Жалпы аумағы 11 гектардан асады. Құрылысына 8,9 млрд теңге қаржы бөлінген. Жобалық қуаттылығы жылына 4,5 мың тонна қияр мен 3,5 мың тонна қызанақ өсіруге қауқарлы. Тыңайтқыштар мен тұқымдар голландиядан аланыпты.  Жылыжай суықты ішке өткізбейтін құрылыс материалдарынан салынған.  Гидропоника әдісі бойынша  осыдан екі  ай бұрын қызанақ тұқымы егілген екен. Енді міне өнім пісіп, жинайтын уақыт жеткен.

-«Өнімдерімізді Нұр-Сұлтан, Ақтау қалалары мен Ресеге жіберіп жатырмыз. Қияр мен қызынақтың түрлі сортын өсіріп көреміз. Алда баялды өсіру жоспарымыз да бар»,- дейді жылыжай кешенінің директоры Мұрат Ибрагимов.

Қазір жылыжай кешенінде қияр мен қызанақ өсіріліп жатыр. Гидропоника тәсілімен, яғни көкөністер топырақсыз, жұмсақ мақта сынды материалда жоғарда өсіріледі. Бұл БҚО үшін жаңа бағыт, жаңа теңдесіз технология. Піскен өнімдер қазірдің өзінде өз елімізден бөлек Ресейдің көршілес облыстарына сатылуда. Жергілікті өнімнің бағасы шетелден келген көкөністерге қарағанда арзан,- дейді кешен қызметкерлері. Жаңа технология жылына 7,3 тонна көкөніс өсіруге мүмкіндік береді. Әйнекпен жабылған кешен толық қуатпен жұмысқа кіріскен. Іші кең, жарық, әрі жылы.  Жұмысшылар жылыжайда жұмыс жасау ыңғайлы екенін айтады.

Агрономның айтуынша, қызанаққа қандай микро, макро элементтер керегін анықтап, сумен осы қажет зат өнімге беріледі. Ал жалпы қызанақ пен қияр жерде емес, жеміс-жидектер сияқты жағарда өседі. Қазір жылыжайда қызынақтың 2 түрі өсірілуде. Егер жасалып жатырған тәжірибе сәтті өтсе, тағы 3 түрлі сұрып қолға алынуы мүмкін. жылыжай жыл бойы үзіліссіз жұмыс жасайды. Барлық көкөніс түрі еуропалық сапа стандарттарына сәйкес келеді.

«БҚО-да жалпы аумағы 7 гектардай 97 жылыжай бар. Олардан  бір маусымда алынған өнім 400 тоннаны құрайды. Алайда  650 мың тұрғыны бар өңір үшін бұл  жеткіліксіз. Дәл қазір базар мен дүкен сөрелеріндегі қияр-қызанақтың дені Ташкент пен көршілес Ресей аймақтарынан әкелінеді. Ішкі нарықты маусымаралық ерте пісетін көкөніс өнімдерімен қамтамасыз ету үшін облыста жалпы ауданы 142 мың шаршы метрлік  96 фермерлік жылыжай бар. Биылғы жылы бірінші дақыл айналымында отырғызылған қияр және қызынақтан 6146 тонна өнім алынған. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда 15 есеге көп»,-дейді БҚО ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы Қуанышқали Есімов.

Қазір жылыжайларда екінші дақыл айналымы аясында тиісті жұмыстар  жүрзілуде. Маусымаралық кезеңде тұрғындарды жаңа піскен жергілікті өніммен қамту үшін алда Теректі ауданы, Пойма станциясындағы индустриалдық аймақ аумағында 55 га алаңға жылыжай кешенін салу жоспарлап отыр. Осы мақсатта бүгінде «Ақжайық» ӘКК» АҚ-мен инвестор арасында бірлескен қызмет туралы шарт жасалуда.

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ