Отанға оралғандармен он сұхбат

0
75

Он сөз, он ой, он әйелдер соты, он «Жусан операциясы» арқылы отанға оралған әйелдер арасындағы сұхбат. Саны он болса да айтылған түсіндірмелер легі жалғыз. Осы сөздерден соң Сирия мен Ирак шекарасында Ислам Халифаты деп аталған мемлекетте қазақ отбасының жағдайы қалай болғандығы жайында бір картина шығаруға болады.
• «Неге қазақтар сол елге кетіп жатыр деп біз көп ойландық және сол ойымызға жауаптар іздей бастадық… Сосын түсіне бастайсың. Ислам дінін қабылдаған кезде, шариғат бойынша өмір сүргің келеді, барлығы хиджабта жүрсе екен деп ойлайсың…»

• «Біз ол жақта ислам шариғатымен емін -еркін өмір сүре алдық. Ешқандай да ұрлық, зомбылық болмады. Тура бір жыл көлемінде осылай болды. Намаз уақыты жайлы халифаттан үндеу келген уақытта (азан шақырылғанда) далада, сыртта ешкім қалмайды ойнап жүрген баладан басқа. Базарларда сауда тоқтап барлық тауар орнында қалдырылады, ешкім тиіспейді де. Себебі барлығы біледі, ұрлық үшін қолдарынан айырылатындарын. Ештеңе ұрланбайды да. Барлығы жақсы болды. Жыл бойына керемет өмір сүрдік, дәл сол уақытта маған Қазақстанға қайт десе, бәлкім мен қайтпаспа едім. Маған онда ешкім тиіспеді, еешқандай жаман әрекет жасамады, жамандық көрмедім. Әйелдер өздерін еркін ұстады, оларға тиісіп зорлық жасауға тыйым салынған. Әрқашан үйдің есік -терезелері ашық болатын…»

• «Бөлек үй де берілді бізге. Су, жарық, тағам, барлығы тегін болды…»

• «Жолдасым тірі кезінде, барлығы жақсы еді. Ешнәрсе ойламайсың, тағам, киім – не қаласаң барлығы болды бізде. Біз Ирактағы ең әдемі қалаға бардық -Мосул деп аталады, қыдырдық, бес жұлдызды қонақ үйде тұрдық. Балаларымның әкесі тірі кезінде менде ешқандай мәселе туындамады.»

• Жолдасым айтқан еді: «Егер мен жоқ болып кетсем, өзіңе де, балаларға да осындай жерден артығын таппайсың. Осында еркін дініңді ұстай аласың. Егер мен болмай қалсам, Қазақстанға қайтамын деген ой басыңа кіріп шықпасын…» -деп.

• «Соңында, барлығы өте қатты нашарлап кеткен соң, жолдың барлығы жабылып қалды, КАМАЗдар тауар алып келуін тоқтатты. Өте қиын болды, не істерімді білмедім, балалар үшін уайымдадым да қайтадан тұрмысқа шықтым…»

• «Сирияда мұсылман мемлекет құру үшін бірнеше талпыныс болды, бірақ -та ештеңе оңай берілмейді. (…) Қазақтарды өз мақсаттары үшін ғана пайдаланды…»

• «Ол жер Ислам жері емес, қан -төгіс жеріне айналды…»

• «Өлім деген біз үшін күнделікті жағдайға айналып кетті…»

• «Бұл расыменде Ислам мемлекеті болса, кішкентай балалардың зардап шегуіне Жаратушы жол бермес еді…»

Осы айтылғандардың барлығын қосып оқысақ бір оқиға шыққанын көреміз. Сұхбат соңында отанын тастап отбасымен Сирияға аттанып кеткендері үшін әйелдердің өкінгенін көре аламыз. Бірақ -та соны түсінулері үшін біршама уақыт кеткен, біреуі Сирия еліне келіп жете салысымен бұл жерден жақсылық таппайтынын бірден түсінген болса, біреуінің түсінуі үшін бірнеше ай не жыл кеткен. Жағдайдың күрделенуі мен ДАИШ ұйымының соғыс әрекеті, жақындарынан айырылу мәселелері – кейбіреуінің отанға оралуы үшін түрткі болған.
Басында елді тастағандардың көп бөлігіне өздері қалаған өмірді тапқандай болып көрінген: «Егер сіздер білсеңіздер, барлық хадистерде Шам елінің қасиетті жері жайлы айтылған … Біз сол жаққа барғанымызда хадистегі жерге тап болдық деп ойладық басында. Дәл сол уақытта бізде барлығы өте жақсы болған еді.»
Бірақ біршама уақыт өткен соң, Сирияда бомбардировкалар басталып кетті: «Бір жыл біз тыныш өмір сүрдік, сосын Ресейлік ұшақтар кассеттік жарылғыштар тастай бастады». Одан соң -жағдай мүлде басқа жаққа өзгерді, бұл жер жаннаты емес, сынақ алаңына айналды: «Бір жағынан -тыныш өмір, әдемі пальмалар болса, екінші жағынан -темірлерде ілінген адам бастары болды. Өте қорқынышты.»
Отанға оралған барлық әйелдердің балалары бар., солардың болашағы үшін уайымдары басым. Бір нәрсені айта кету қажет, шамамен ешқандай әйел мемлекет тарапына өз алғысын білдірмеді, көпшілігі үшін бқл жағдай тек болуы шарт мемлекетаралық саясат деп түсінді. Дегенмен де барлығы сондай жаман лагерлік өмірден отоандарына оралғандары үшін өте қатты қуанышты. Олардың расыменде үйлеріне қайтқысы келген еді.

www.kaznu.kz
Жетекшісі: Утебаева Д.С

Әл -Фараби атындағы ҚазҰУ «Конфликтологиядағы діни бірегейлік» мамандығы 2 курс магистранты

Оспанова Аружан

ПІКІР ҚАЛДЫРУ