Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ

0
28

Сыбайлас жемқорлық — әлемдегі барлық елдерді алаңдатып отырған  үлкен мәселеге айналып отыр.

Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес, сыбайлас жемқорлық қылмыстарға негізінен лауазымды қылмыстар жатады. Олар, қызмет өкілеттігін теріс пайдалану, билікті не қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану, пара алу, пара беру, парақорлыққа делдал болу, қызметтік жалған құжаттар  жасау, көрінеу жалған сөз жеткізу, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету секілді әрекеттер.

Біздің мемлекетіміз, басқа да көптеген мемлекеттер сияқты, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оны болдырмау мақсатында ауқымды жұмыс жүргізіп келеді. Қазіргі уақытта сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің  негізгі принциптерін айқындап, соған байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, жолын кесу, оны ашу, оның зардаптарын жою және кiнәлiлердi жауапқа тарту  секілді жұмыстар жүргізілуде.

Сыбайлас жемқорлыққа қоғам болып қарсы тұру арқылы үлкен нәтижеге жетуге болады. Барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар, лауазымды тұлғалар оған қарсы іс-қимылды өз құзіреті шегінде жүргізуге  міндетті.

Ең бастысы сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жою, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру қажеттігінің маңызы зор. Әрбір азамат өздерінің құқықтарын және өздеріне қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс-қимыл қолдану керектігінің нақты жолдарын толық білулері қажет.

Осы  мақсатта  Маңғыстау облысы бойынша қазынашылық Департаментінде жүйелі түрде жауапты тұлғалармен семинарлар мен техникалық оқулар өткізіледі.   Оқу, семинарлар барысында мемлекеттік қызметшілерге  Қазақстан Республикасының   «Сыбайлас жемқорлыққа     жемқорлыққа   қарсы  іс-қимыл  туралы»  Заңы мен  мемлекеттік қызметкерлердің Әдеп кодексі талаптары түсіндіріледі.

Осындай шаралардың арқасында, қызметкерлердің құқық бұзушылықтарға бару оқиғасы болған жоқ. Өйткені, сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік таныту  — әрбір қызметкердің міндеті.

 

 

              Маңғыстау облысы бойынша қазынашылық

департаменті  басшысының орынбасары  Ж.Бердиева

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ