Түркістан облысында жер бергені үшін пара алған әкім сотталды 

0
31

 

2 ақпанда Түркістан облысында сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін сотталған Қызылқұм ауылдық округінің бұрынғы әкімі Нұрақбай Қойлыбековке қатысты іс толығымен аяқталып, мұрағатқа жіберілді. Бұл туралы Жетісай аудандық сотының бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс жөніндегі судья-үйлестірушісі Мұхтар Жолдасбеков мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. Сауықтыру нысанын салу үшін ауылдық округтен жер алмақшы болған кәсіпкерлердің арызынан кейін 58 жастағы ауыл әкімі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлерінің назарына ілікті. Тергеу мәліметтері бойынша, шенеунік жер үшін олардан 500 мың теңге талап еткен. Параны әкімге оның көмекшісі әкеп берген, ол ақшаны үстел үстіне қояды. Осыдан кейін мемлекеттік қызметкер қолға түседі. Сотта айыпталушы мұның бәріне ешқандай қатысы жоқ екенін, пара сұрамағанын және өз кінәсін мойындамайтынын алға тартты.

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ