«Танцор диско» фильмінің актері дүниеден өтті

0
37

Танымал үнді актері Чандрашекхар 98 жасқа келіп қайтыс болды. Болливуд жұлдызының өліміне жасына байланысты аурулар себеп болған деп хабарлануда. India Today басылымының мәліметінше, актердің қайтыс болғаны туралы оның туыстары хабарлаған. Чандрашекхар Мумбай қаласында 98 жасында дүниеден өтті. Өнер иесі өткен ғасырдың 50-60 жылдары асқан танымалдылыққа ие болған. Ол жүзден аса фильм мен сериалдарға түсті. Белгілі болғандай, дәл осы әртіс үнді халқын ча-ча-ча биімен таныстырды. 1964 жылы ол аталмыш тақырыпта арнайы мюзиклды ұсынды. Чандрашекхар «Танцор диско» киносындағы рөлі арқасында әлем бойынша танылды.

Автор: Малика Хадид

ПІКІР ҚАЛДЫРУ