Жалпыға бірдей декларацияны кімдер тапсырады?

0
28

1 қаңтардан бастап Қазақстанда кірістер мен мүлікті жалпыға бірдей декларациялау кезең-кезеңімен енгізіле бастады деп хабарлайды Қазақпарат. Айта кетейік, жалпыға бірдей декларациялауды енгізу төрт кезеңнен тұрады. Бірінші кезең биылғы 1 қаңтардан басталды, екінші кезең – 2023 жылы 1 қаңтарда, үшінші кезең – 2024 жылы 1 қаңтарда және төртінші кезең – 2025 жылдан бастап енгізіледі. Бірінші кезеңде кіріс декларациясын тапсыратындар: жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар мен олардың жұбайлары; мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттігі бар адамдар және олардың жұбайлары; мемлекеттік функцияларды орындау уәкілеттігі бар адамдарға теңестірілген адамдар мен олардың жұбайлары; «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық Заңына және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар нарығы туралы» ҚР Заңдарына сәйкес декларация тапсыру міндеті жүктелген адамдар. 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ