Әзілкеш Қанат Әлжаппаровтың бесінші перзенті дүниеге келді

0
27

Отандық танымал актер әрі әзілкеш Қанат Әлжаппаровтың отбасында қуанышты жағдай орын алды. Өнер иесінің бесінші перзенті дүние есігін ашты. Әртістің әйелі оған қыз бала сыйлаған деп жазады KAZ.NUR.KZ. Қуанышты жаңалықпен актердің өнердегі әріптесі Қайрат Әділгерей бөлісті. Әзілкеш өзінің Instagram парақшасындағы Stories бөлімінде арнайы видео жариялап, досының қызды болғанын хабарлады. «Құрметті достар, сүйінші! Театрымыздың белді актері Қанатжанның әйелі кеше ғана босанып, бесінші перзент қыз бала дүниеге келіп жатыр. Қанатжан құтты болсын. Ғұмыры ұзақ болсын, денсаулығы мықты болсын. Осылай көз қуанышың болып жүре берсін. Жанұяға бақыт-береке тілеймін. Саған шығармашылық табыс тілеймін. Бар жақсылықты тіледім. Ата-анаң мен жақындарың аман болсын», — деді Қайрат Әділгерей. ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР «Ұлды болды»: Әнші Кентал алғаш рет әке атанды Желі қолданушылары әзілкешті бірден құттықтап, дүние есігін енді ғана ашқан сәбиге өз ақ тілектерін жолдады. Бақыттан басы айналған әке парақшасында өзін құттықтаған көпшілікке алғыс айтты.

Автор: Малика Хадид

ПІКІР ҚАЛДЫРУ