АИТВ-инфекциясы туралы пайдалы кеңестер

0
13

ИТВ-жұқпасы — адамның иммунитет тапшылығы вирусының
лимфоциттерде, макрофагтарда және жүйке тінінің жасушаларында ұзақ
жылдар сақталуының нәтижесінде дамитын, иммундық жүйенің баяу үдемелі
ақауымен сипатталатын, науқастың жұқтырылған иммунитет тапшылығы
синдромы ретінде сипатталған қосалқы зақымданулардан өлімге әкеп
соқтыратын жұқпалы ауру.
АИТВ инфекциясының өзіне тән шағымдары жоқ, бірақ ұзақ уақыт
бойы қызба, салмақ жоғалту, лимфалық түйіндердің ұлғаюы мүмкін. Ауру
біртіндеп басталады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ)
жіктемесі бойынша АИТВ-инфекциясының 4 клиникалық сатысы бар, ол 1
сатыда симптомсыз ағымынан және ұзақ сақталатын лимфоаденопатиядан
салмақтың жоғалуынан басталып, 3 — 4 сатыда дамитын басқа да әртүрлі
симптомдар мен синдромдар, соның ішінде тыныс алу жолдарының
созылмалы инфекциялары, дерматиттер, ауыр бактериялдық инфекциялар,
герпес, пневмония, туберкулез, Капоши саркомасы және басқалары.
Адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырудың негізгі жолдары
–бұл мүшеқапсыз жыныстық қатынас, инъекциялық есірткіні пайдалану
кезінде (инъекциялық есірткіні тұтынушылар арасында таралған) стерильді
емес құралдарды ортақ пайдалану және АИТВ жұқтырған анадан балаға
(жүктілік уақытында, босану кезінде және емшек сүті арқылы жұғуы
мүмкін). Жұқтырудың басқа жолдары жоқ, сондықтан АИТВ-ны ауа-
тамшылы жолы арқылы, қол алысу кезінде, ортақ ыдысты пайдалануда,
бассейнде, саунада, жәндіктердің шағуы кезінде жұқтыру мүмкін емес.
АИТВ-ны емдеу мәселесінде заманауи медицина алға жылжып, өз
жетістіктерімен қуантады. Осылайша, қазір АИТВ-инфекциясын емдеуге
арналған заманауи жоғары тиімді дәрілік препараттар қолданылуда. Егер
АИТВ-ны емдеудің жалпы қағидаттары туралы айтатын болсақ, АИТВ-ның
ретровирусқа қарсы терапиясы пациентке өмір бойы жүргізіледі
(амбулаториялық деңгейде), сонымен қатар үштік емдеу схемасы
қолданылады, аурудың клиникалық сатысына қарамастан, СД4
жасушаларының кез келген санында емдеуді бастаған жөн. Алайда, вирустан
толық сауығу және оны ағзадан шығару мүмкін емес, дегенмен қазіргі
заманғы дәрі-дәрмектер адам ағзасының қанындағы вирустың көбеюін
тежейді және АИТВ-ның асқынуына кедергі келтіреді. Емдеудің арқасында
вирус анықталмайтын деңгейге жеткен науқастар инфекцияны басқаларға
жұқтыра алмайды.
Көптеген ғылыми зерттеулер көрсеткендей, АИТВ-оң серіктесі
ретровирусқа қарсы терапияны қабылдаған және анықталмайтын вирустық
жүктемені ұстанатын жұптарда екінші АИТВ-теріс серіктесіне жыныстық
жолмен АИТВ-жұқпасының берілуінің бірде-бір жағдайы тіркелмеген. АИТВ
диагностикасы зертханалық зерттеу нәтижелеріне, яғни АИТВ-ға тестілеуге
негізделген. Қазақстанда ДДҰ ұсыныстарына сәйкес АИТВ-ны
диагностикалау алгоритмі жұмыс істейді, диагностиканың барлық
кезеңдерінде зерттеулер жүргізу сапасы қамтамасыз етілген. АИТВ
инфекциясы әлеуметтік маңызды ауруларға жатады, осыған орай мемлекет
алдын алу, емдеу, сондай-ақ АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың
құқықтарын қорғау мәселелерінде көптеген шаралар қабылдап отыр. ЖИТС
және АИТВ анықталған пациенттерге мемлекет тегін медициналық көмек
көрсетуге және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі
шеңберінде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге, динамикалық бақылауды
қамтамасыз етуге, психоәлеуметтік, заңгерлік және медициналық кеңестер
беруге, әлеуметтік және құқықтық қорғауға кепілдік береді. Сонымен қатар,
біздің еліміздің заңнамасы бойынша АИТВ/ЖИТС бар пациенттерді
жұмыстан босатуға, мектепке дейінгі балалар мекемелері мен оқу
орындарына жұмысқа қабылдаудан бас тартуға, сондай-ақ өзге де
құқықтарына нұқсан келтіруге жол берілмейді.
Аурушаңдықтың қазіргі деңгейінде және бірінші орында жыныстық
қатынас жолдары арқылы жұқтыру болғандықтан, АИТВ жұқтыру
мүмкіншілігін ешкімде жоққа шығара алмайды, сондықтан репродуктивті
жастағы азаматтар әлеуетті қауіп аймағында тұр. Адамның иммун
тапшылығы вирусын жұқтыруға АИТВ жұқтырған адаммен бір ғана
жыныстық қатынаста болу жеткілікті. Сондықтан – кездейсоқ және ерте
некесіз жыныстық қатынастардан аулақ болыңыздар, АИТВ-мәртебесі
туралы сізге белгілі болған бір жыныстық серіктеске адалдықты сақтаңыздар,
егер серіктесіңіздің АИТВ- мәртебесі туралы білмесеңіздер, сондай-ақ әрбір
кездейсоқ жыныстық қатынаста мүшеқапты пайдаланып, үнемі АИТВ-ға
тестілеуден өтіп тұрғандарыңыз абзал. Жыныстық жолмен берілетін
инфекциялардың болуы АИТВ жұқтыру қаупін 2-3 есеге арттырады, осыған
орай мұндай ауруларды уақтылы емдеу АИТВ-ның алдын алу болып
табылады. Жүкті әйелдер жүктілік кезінде міндетті түрде екі рет АИТВ-ға
тестілеуден өтуі керек, АИТВ анықталған жағдайда, әйелге жүктіліктің 14
аптасынан бастап баладағы АИТВ-ның алдын алуға арналған ретровирусқа
қарсы дәрі-дәрмектер тағайындалады, баланың жұғу қаупін азайту үшін
әйелге кесар тілігі әдісімен босандыру ұсынылады, емшек сүтінде вирус бар
болғандықтан, бала туғаннан кейін жасанды тамақтануға ауыстырылады. В
және С вирусты гепатиттерін және АИТВ-ны жұқтыру қаупі бар
болғандықтан, маникюр, татуировка мен пирсингке арналған тек стерильді
бұйымдарды пайдалануды, сондай-ақ күмәнді, санитарлық ережелерді
сақтамайтын орындардың қызметтерін пайдаланбауды еске саламыз.

Нұр-Сұлтан қаласының ЖИТС-тың алдын
алу және оған қарсы күрес орталығы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ