АИТВ-ның жыныстық жолмен таралуын төмендету бойынша жүргізілетін алдын алу жұмыстары

0
31

АИТВ – адамның иммун тапшылығы вирусынан туындайтын жұқпалы ауру, ол ағзаның қорғаныс жүйесінің қалыпты жұмысының бұзылуына әкеледі. АИТВ негізгі үш жолмен жұғады. Атап өтетін болсақ, жыныстық жолмен, қан арқылы, АИТВ-ға оң нәтижелі анадан балаға жұғады. Соның ішінде, соңғы кезде жыныстық қатынас арқылы жұқтырудың жаңа жағдайлары көп тіркелуде.

Жыныстық қатынас кезінде АИТВ жұқпасы әйелден еркекке қарағанда, еркектен әйелге әлдеқайда жеңіл және жиі беріледі. Әйелдердің жұқтыру қаупі аналды секс немесе қынап аурулары болған кезде айтарлықтай артады. Сондай-ақ, тұрақсыз серіктестер бар немесе инъекциялық есірткіні тұтынушы, бұрын АИТВ-оң адамдармен жыныстық қатынаста болған немесе еркектермен жыныстық қатынаста түскен жағдайда АИТВ-пен жұқтырудың қаупі жоғарылайды. Осының салдарынан, АИТВ-тың ер адамнан әйелге берілу мүмкіндігі әлдеқайда жоғары, өйткені әйел адам үнемі «қабылдаушы» болып табылатындықтан, бұл оның жұқтыру қаупінің жоғары болуына себепші болады. Бұл жағдай, әсіресе СҚ (секс қызметкері) арасында тіптен де қауіпті, өйткені олар тұрғындардың негізгі топтарына жатады, және халық арасында АИТВ-тың жұқтырып алу және оны қоғамға ары қарай таралудың инфекция көзі болып табылады.

Бұл топта АИТВ-тың жаңа жағдайлары неге тіркелуде? Бұл ең алдымен мінез-құлық факторларына байланысты. АИТВ-ны жұқтыру себептерінің бірі – серіктестің үнемі өзгеріп тұруы. 2021 жылы сәуір-маусым айларында              Нұр-Сұлтан қаласының ЖИТС орталығымен СҚ тобы арасында АИТВ-тың таралуының шолғыншы эпидемиологиялық зерттеуі жүргізілді. Осы зерттеуге 18-49 жас аралығындағы 198 СҚ қатысты. СҚ-нің мүшеқапты қолдануы жыныстық серіктеске байланысты екені белгілі болды. Нұр-Сұлтан қаласында тұрақты серіктестермен мүшеқаптарды 45%-ы ғана қолданады, ал тұрақты емес серіктестермен мүшеқаптарды пайдаланған СҚ үлесі 98% құрады. Соңғы 12 айда ЖЖБА (жыныстық жолмен берілетін ауралар) белгілерінің болуы жайлы 34%-ы СҚ айтты. Осылардың ішінде, 62%-ы ғана ЖЖБА-ды емдеу үшін медициналық ұйымдарға жүгінді. Соңғы 12 айда СҚ-ның 26%-ы (18/68) Нұр-Сұлтан қаласының ЖИТС орталығының Достық кабинетінде дерматовенеролог, гинеколог дәрігерлеріне тегін қаралып тексерілді. Жүргізілген зерттеу қорытындысы бойынша, 198 СҚ арасында АИТВ-жұқпасының таралуы – 3%, С вирустық гепатиті – 3% және мерез ауруы – 29,5%-ды құрады.  Осы зерттеудің қорытындысы бойынша, СҚ тобы арасында инфекциялардың таралу себебі – елімізде СҚ-ның ішкі көші-қонның қатты дамығанына, СҚ адамдарының өзгеріп отыруына және кейбір инфекциялар мүшеқаппен де берілетініне байланысты.

Біздің қаламызда, 2022 жылы СҚ санын зерттеу нәтижесі бойынша шамамен 2000-ды құрады. Қалалық ЖИТС орталығының эпидемиолог дәрігерлері, медбикелер және аутрич-қызметкерлері СҚ тобымен алдын алу жұмыстарын жүргізеді. Достық кабинеттер, стационарлық және жылжымалы Сенім пунктері бар. АИТВ-тың нақты көзі табылғанына немесе табылмағанына қарамастан, ЖИТС орталығымен АИТВ-тың таралуын болдырмау үшін күн сайын алдын алу іс-шаралары белсенді түрде жүргізіледі. Мобильді бригада аутрич-қызметкерлермен бірлесе отырып, СҚ-і шоғырланған жерге (сауна, квартира, массаж салондарына және т.б) күндізгі және кешкі рейдтерге шығады. Осылайша, 2022 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша алдын алу жұмыстармен (мүшеқап, үн парақтар тарату) 49% немесе 994 СҚ қамтылды, АИТВ-ға тестілеуден 85%-ы немесе 853 СҚ өтті.

Қорытындылай келе, СҚ арасында АИТВ бойынша жүргізілетін алдын алу жұмыстары – халықтың ауқымды топтарына инфекциялардың таралуын болдырмау үшін жасалады. Әр жыныстық қатынаста мүшеқаптарды қолдану – инфекциялардың таралу ықтималдығын азайтады, бірақ ол 100% организмді инфекциялардан қорғамайтынын есте сақтаған жөн. Егер ЖЖБА жұқтыру қаупі болған жағдайда, дәрігерге міндетті түрде қаралу қажет. Себебі, профилактика, ерте диагностика және дәрігерлер тағайындаған дәрі-дәрмектермен емделу ауыр зардаптардан қорғайды. СҚ тобы үшін ЖИТС орталығының Достық кабинеттерінде тұрақты дәрігерлерге қаралу, АИТВ-ға тестілеуден өту инфекция жұқтырудан қорғанудың негізгі тәсілдері болып табылады.

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі «ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығы» МКҚК, эпидемиолог дәрігер – Г.Е. Каратаева

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ