Асыл кәсіп: Алексей Цой медицина қызметкерлерін құттықтады

0
21

Министр медицина қызметкерлері еліміздің стратегиялық ресурсы екенін атап өтіп, Қазақстанда денсаулық сақтау саласының даму қарқынына тоқталды. «Әрқайсыңыз жүрегіңіздің шақыруы бойынша өз тағдырыңызды терең білімді, ерекше еңбекқорлықты, ең бастысы сезімталдықты, жауаптылықты және гуманизмді қажет ететін осы асыл кәсіппен байланыстырдыңыз. Қазақстанда денсаулық сақтау саласы қарқынды дамып келеді – жоғары технологиялық көмек көрсету көлемі ұлғаюда, жаңа перинаталдық орталықтар салынуда, инновациялық әзірлемелер енгізілуде. Осының арқасында жақында сирек кездесетін және күрделі аурулар бүгінде сәтті диагноз қойылып, емделіп жатыр», — деп жазды министр Facebook парақшасында. Айтуынша, елімізде өмір сүру ұзақтығы артып, туу көрсеткіші өсіп жатыр.

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ