Қауіпсіз ляззатты таңда

0
27

Сексуалдық қатынас- бірде қуаныш, бірде өкініш. Өкініштісі –жыныстық серігіңнің денсаулығынан бейхабар болып, ляззаттың орнына үлкен күйзеліске ұрыну, сау басыңа қаншама проблемаларды жүктеп алу.
Жыныстық жолмен таралатын жұқпалардан және АИТВ-дан сақтану үшін, мына ұғымды естен шығармау керек, яғни өзіңді сақтандыру. Ол қауіпсіз,сақтанған секс.Қауіпсіз секс- белгілі кезеңге дейін одан мүлдем бас тарту немесе сақтану құралдарын қолдану.Өйткені АИТВ- ның жұғу жолдары күнделікті тұрмыстық өмірде өте қарапайым, яғни: сақтанбаған жыныстық қатынас, есірткіні енгізу барысында ортақ шприцтерді қолдану,пирсинг немесе тату жасату кезінде залалсыздандырылмаған ортақ құралдарды пайдалану. Әрбір адам жыныстық қатынасқа түсу шешімін қабылдағаннан бастап салдары туралы ойлау керек.Өйткені, АИТВ-жұқпасының басталуы көп жағдайда ешбір белгілерсіз өтеді. Жұқтырғаннан кейін де бірнеше жылдар бойы бойындағы жұқпаны сезбей,жыныстық қатынасқа түскен өз отбасылық жұбына немесе басқа адамдарға «ештеңе болмас» деген аңқаулықпен сақтанбаған бір ғана қатынастан кейін жұқтырып жатады. Жұқтырғаннан кейін адам бойында бір немесе бірнеше өте күрделі аурулар дамыған кезде ЖИТС (СПИД) диагнозы қойылады.Даму кезеңінің ұзақтығы түрлі факторларға байланысты, бірінші кезекте жұқтырған адамның өмір сүру салтына байланысты өрбиді.
Неліктен АИТВ туралы жиі айтамыз, өйткені күннен күнге елімізде, соның ішінде елордамызда АИТВ-ның өсуі тежелмей тұр. Өткен және биылғы жарты жылдықты салыстырсақ жыныстық қатынас арқылы жұғу деңгейі бірқалыпты 76-77 пайызды құрайды,гомосексуалдық қатынас та азаймай тұр. Жұқпаланғандардың 15-39 жас арлығындағы жастар өткен жылғы жартыжылдықта 61% — құраса, биыл- 65% . Яғни нағыз жастардың күш қуаты тасып, репродуктивті , өмірге ұрпақ әкелетін, білім алып, кез келген салада қызмет атқарып, отбасына ,еліне қыруар үлес қосатын кезең.
Сондықтан, өміріңізде денсаулығыңызға байланысты күдікті оқиғалар болса ертерек тексерілгеніңіз абзал.Бүгінгі күні ғылым бір орында тұрған жоқ. Ағзаңыздан АИТВ вирусы табылған күннің өзінде шығар жол бар.
Сол сияқты осы жұқпаны жұқтырған науқастарға антиретровирустық емдік , әрі қолдану жағынан ыңғайлы препараттар тегін түрде беріліп отырылады. Емдеу түрі амбулаторлық. Тағы бір айта кетерлігі АИТВ-ны жұқтырған науқастар осы препараттарды қолданудың арқасында айналасына, әрі өзінің жыныстық жұбы,серіктесі,жұқпаланған ана баласы үшін- қауіпсіз. Дәрігер нұсқауларын орындай отырып отбасында, жүрген ортасында, жұмыс жағдайында толыққанды ұзақ өмір сүруге болады.

Қарапайым ережелерді орындасаңыз, алаңсыз өмір сүресіз !
-Әрқашанда кездейсоқ жыныстық қатынастан аулақ болып,сенімді серіктестің болуын қадағалаңыз.
-Жыныстық серіктесіңізге адал болыңыз.
-Егер сіздің жыныстық серігіңізде бірнеше жыныстық серіктесі болса, онда оның жыныстық серіктестеріннің жұқпасы сізге де жұғу қаупі бар!
-Есірткінің кез келген түрін қолданудан бас тартыңыз !
Қандай да Сізді ойландыратын кеңестер алғыңыз келсе Нұр-Сұлтан қаласының ЖИТС орталығына хабарласыңыз.
Біздің мекен-жайымыз: І.Есенберлин көшесі 5/1.Сенім телефоны: 38-04-64 .

Нұр-Сұлтан қаласының «ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығы» МКҚК эпидемиолог көмекшісі Ж.Смағұлова

ПІКІР ҚАЛДЫРУ