Әдеп нормаларын мінсіз сақтау

0
30

Әдептілік — өзіңді әр түрлі жағдайда мінез-құлықтың жалпы
ережелеріне, эстетикалық, этикалық талаптарға сәйкес ұстай білу. Адам — ең
әуелі адамгершілігімен, әдебімен көрікті. Мәдениет жоғары болған сайын,
айналадағы адамдармен қарым-қатынас сыпайы бола түседі. Арине, әдепті
болу, яғни мәдениетті болу, әдеп нормаларын мінсіз сақтау әрбір тұлғаның,
оның ішінде мемлекеттік қызметшілердің міндеті. Мемлекеттік қызметкердің
моральдық–этикалық бейнесі мен кәсіби сапасына Қазақстан
Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі жоғары талап
қояды. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілерден әдеп нормаларын мінсіз
сақтауына өз елінің, тарихы мен тілінің, қызметінің патриоты болу
көмектеседі. Әрбір мемлекеттік қызметші қызметтен тыс уақыттағы,
қызметтік қатынастардағы мінез-құлық стандарттарын мінсіз сақтау үшін
үнемі мемлекет алдында жауапкершілікті жадынан шығармағаны жөн.
«Этикасы дұрыс емес адамнан парасатты адам шықпайды» деп
Гераклит айтқандай, адам әрқашанда бет сұлулығымен емес, ішкі жан
дүниесімен, әдептілігімен, мәдениеттілігімен әдемі. Сондықтан, мемлекеттік
қызметте жұмыс істей отырып, біз, мемлекеттік қызметшілер, мемлекеттің
де, қоғамның да бізге ерекше сенім білдіріп, жоғары моральдық-этикалық
талаптарды қоятынын әрдайым есте ұстауымыз керек.

Маңғыстау облысы бойынша
Қазынашылық департаменті
басшы орынбасары Д.Келдибаева

ПІКІР ҚАЛДЫРУ