«Әдептілік адамгершілік бастауы»

0
38

Біздің қазақ халқы ерте кезден-ақ адамгершілікті жоғары бағалай білген. Адам – ең
әуелі адамгершілігімен, парасатының биіктігімен көрікті. Мәдениеті жоғары адам
айналасындағылармен қарапайым қарым-қатынаста болады. Адамгершілік қатынастар
моральдық нормалармен өлшенеді. Моральдың негізгі міндеті – адамның мінез-құлқын
тәрбиелеу, осы арқылы олардың бойында әдеп сақтау қатынастарын қалыптастыру, адам
мен қоғам арасындағы қатынасты реттеу.
Мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне жоғары талаптар
қойылып отыр. Осыған орай, біздер мемлекетімізге, мемлекеттік қызметке лайық болып,
біліміміз бен тәжірибемізді, бар күш-жігерімізді салып Қазақстан Республикасына
қалтқысыз әрі адал қызмет атқаруымыз керек.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және
мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан
Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен
бекітілген Әдеп кодексінде, жалпы қабылданған моральдық- әдептілік нормаларына
сәйкес мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне қойылатын
талаптарды, сондай-ақ мінез-құлықтың жалпы стандарттары, қызметтен тыс уақыттағы,
қызметтік қатынастардағы көпшілік алдында, оның ішінде бұқаралық ақпарат
құралдарында сөйлеумен байланысты мінез-құлық стандарттары белгіленген. Осы Кодекс
халықтың мемлекеттік органдарға сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-
қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға және мемлекеттік қызметшілердің
әдепсіз мінез-құлық жағдайларының алдын алуға бағытталған. Әдеп кодексі жалпы
қабылданған моральдық-әдептілік нормаларына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің
моральдық-әдептілік бейнесіне қойылатын жалпы қабылданған талаптарды, олардың
мінез-құлқының негізгі стандарттарын белгілейді.
Қоғам — адамдардың қауымдастығы болғаннан кейін мұнда адамдар бір-бірімен
қарым-қатынас жасай отырып, әр ортада белгілі бір этиканы сақтайды. Этика дегеніміз-
тәртіп сақтау ережелері, этика ілімінің негізінде қалыптасқан, яғни адамгершілік
құндылықтарды сақтай отырып, адамдардың бір-біріне нұқсан келтірмейтін қоғамда
тәртіп сақтау ережелері қалыптасты. Этиканы қызмет бабында сақтау өте маңызды мәнге
ие болып табылады. Соның ішінде мемлекеттік қызметшілердің этикасы басты назарды
аудартады. Мемлекеттік қызметшілер қызметтен тыс уақытта қарапайым болуға, тиісті
көрсетілетін қызметтерді алу кезінде өзінің лауазымдық жағдайын баса көрсетпеуге және
пайдаланбауға, өз тарапынан қоғамдағы адамгершілікке, тәртіпке және қауіпсіздікке қол
сұғушылыққа әкелетін заңнама талаптарын бұзуға және басқа азаматтарды құқыққа
қарсы, қоғамға жат әрекеттерді жасауға жол бермеуі тиіс.
Мемлекеттік қызметкер мемлекет, қоғам және азаматтар алдындағы
жауапкершілікті сезіне отырып, Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдары
мен өзге де нормативтік құқықтық актілерін мүлтіксіз сақтауы, жалпы қағидаттар мен
адамгершілік нормаларын сақтауға, қызмет барысында және тұрмыста жоғары парасатты,
мәдениетті болуға талпынуы тиіс.

Мұнайлы аудандық қазынашылық басқармасының басшысы С.Тұрғанова

ПІКІР ҚАЛДЫРУ