Хабиб Нурмагомедов Головкинге спорттағы мансабын тезірек аяқтауға кеңес берді

0
14

UFC-дің жеңіліп көрмеген экс-чемпионы, ресейлік спортшы Хабиб Нурмагомедов қазақстандық боксшы Геннадий Головкинге кеңес берді деп жазады Sports.kz. деп хабарлайды Ақпарат Айдыны порталы.

«2004 жылы ол Олимпиада финалына шықты. Содан бері 20 жылдай өтті. Оның жасы 38-ге келді. Оған бір кездесу өткізіп, өзінің қартайған шағына ақша жинап, сонымен тоқтатуы керек. Менің жеке кеңесім. Адамның жасы 35-тен асқаннан кейін спорттың мұндай ауыр түрімен айналыспағаны жөн. Бір-екі жекпе-жектен кейін оның аяқтағаны дұрыс. Өйткені оның отбасы, алда өмірі бар, алға жылжу керек. MMA-ге қарағанда бокста жиі жарақаттанады. Егер MMA-де тамыр жарақаты болса, бокста басыңмен проблема болуы мүмкін», — дейді Хабиб Алматыдағы баспасөз конференциясында. Еске сала кетсек, бүгін Алматыда аралас жекпе-жектен Eagle FC 37 турнирі өтеді. Осыған байланысты жеңіл салмақтағы UFC-дің бұрынғы чемпионы Хабиб Нурмагомедов Алматыға келген болатын.

«Қазақстандағы ММА Ресейдегіден бес-алты жылға артта қалған. Тіпті бізде, Ресейде қазір UFC чемпионы болмаса да, Қазақстанға әлі бұл тұрғыдан өсу қажет. Егер сіздерде ММА осындай қарқынмен дамитын болса, онда 7-8 жылдан кейін сіздерден чемпиондар шығады. Бұл спорт түрін сіздің елде қатты жақсы көретінін білемін», — дейді Хабиб. Сонымен бірге, Нурмагомедов өзін UFC-де таныта алуы мүмкін екі қазақстандық спортшының есімін атады. «Мен Дамир Исмағұлов пен Шавкат Рахмоновты атап өтер едім. Олардың өз дивизионындағы спортшылардың үздік ондығына кіруге мүмкіндігі бар», — дейді ресейлік.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ