Мамайға қарсы талап арыз: Байбек өндірілген қаражатты аутизммен ауыратын балаларды қолдауға бағыттайды

0
30

Бауыржан Байбек өндірілген қаражатты аутизммен ауыратын балаларды қолдауға бағыттайды. Бұл туралы Бауыржан Байбектің өкілі Айжан Ташенова Facebook-тегі өзінің парақшасында жазды. «Құрметті достар! 15 маусымда Алматы қаласы Әуезов ауданының №2 аудандық соты біздің ар-намысты, қадір-қасиет пен іскерлік беделді қорғау жөніндегі талап-арызымыздың барлығын «олықтай қанағаттандыра отырып, Б.Байбектің Ж.Мамай мен И.Иманбаеваға қарсы талап-арызы бойынша шешім шығарды. Сот актісі «Сот кабинетіне» орналастырылды (қоса берілді). Заң бойынша осы санаттағы істерге келесі үш шарттың жиынтығы негіздеме болып табылады: мәліметтер таратылған болуы тиіс, олар қаралайтын сипатта болуы тиіс және шындыққа сәйкес келмейтін болуы тиіс. Осының барлығы іс материалдарымен расталды. Жауапкерлер Интернет желісінде видео орналастыру фактісін дауламады. Мәліметтердің қаралаушылық сипатын анықтау үшін сот сарапшылардың 3 қорытындысының тұжырымдарын басшылыққа алды, олардың біреуін Ж.Мамай мен И.Иманбаева ұсынған болатын.Цой жауап берді Заңға сәйкес мәліметтерді дәлелдеу міндеті оны таратқан тұлғаға жүктеледі. Алайда Б.Байбек өзі бастамашылық танытып, Алматы қаласының әкімі лауазымында болған кезде қабылдаған шешімдерінің заңдылығын, ал жауапкерлердің барлық айыптауларының жалғандығын растайтын ресми құжаттар мен дәлелдерді сотқа ұсынды. Керісінше, соттың қаулысына сәйкес жауапкерлер ұсынған материалдар таратылған мәліметтердің шын екендігін дәлелдемейді және Ж.Мамай мен И.Иманбаеваның тұжырымдарының ақиқаттығына куәлік болып табылмайды. Атап айтқанда, мұнда әлеуметтік желілердегі посттар, БАҚ-тағы жарияланымдар, «Көк Жайлау» бойынша іске асырылмаған жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі, талап-арызға да, жауапкерлердің видеосына да жатпайтын ҚазҰУ-дің жер телімі бойынша анықтамалар жөнінде сөз болып отыр. Жекелеген айыптаулар бойынша тиісті құжаттар тіпті де ұсынылмады. Мұндай жағдайда жауапкерлер мен олардың адвокаттары неге үміт артқаны таң қалдырады. Осылардың бәрі туралы мен соттағы сөзімде айтып өттім (толық жазбасы қоса беріп отырмын).  Жалпы, жауапкерлер ұсынған материалдарды 2 топқа бөлуге болады: талап-арыздың мәніне жатпайтындар және бір қызығы, өздерінің «әшкерелеуші» мәлімдемелерінің жалғандығын дәлелдейтін материалдар. Нәтижесінде, соттың жауапкерлерді шындыққа сәйкес келмейтін, Б.Байбектің ар-намысына, қадір-қасиеті мен іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтерді терістеуді, сондай-ақ өздері орналастырған видеоларын өшіруді міндеттеп қаулы шығарғаны заңдылық. Сонымен қатар сот жауапкерлерден талап қоюшының пайдасына 876 402 теңге сомасында сот шығындарын өндірді. Мұны Б.Байбек аутизммен ауыратын балаларды қолдауға бағыттаймын деп шешті. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Ж.Мамай мен И.Иманбаеваның және олардың адвокаттарының 15 маусымдағы брифингте айтқан соттың бір жақтылығы туралы негізсіз мәлімдемесіне қысқаша жауап бере кетуді жөн көрдім. Қорғану құқығын бұзды-мыс дегені туралы. Сот отырыстарының онлайн трансляциясын ескере отырып, кез келген адам әуел бастан-ақ жауапкерлер мен олардың адвокаттарының сотты «сөзбұйдаға» салып, процестік мерзімді бұзу, қоғамға дұрыс емес ақпарат тарату тактикасын таңдап алғанына көз жеткізе алады. Атап айтқанда, соттың бірнеше рет еске салуына қарамастан біздің талап-арызымызға қарсылық 10 күн кешіктіріліп, алдын-ала сот отырысы қарсаңындағы жұмыс күні аяқталуға 1 сағат қалғанда ғана енгізілді. Құжаттардың екінші пакеті сотты және даудың тарабы ретінде мені ескертпестен, сот талқылауын қарау басталуға 10 минут қалғанда енгізілді. Жауапкерлердің тапсырысы бойынша маман Р.Қарымсақова дайындаған қорытындыда 10 маусым көрсетіліп тұр, яғни ол процеске дейін 4 күн бұрын дайын болған екен. Алқабилер соты күдіктіні ақтап, жазадан босатты Енді белгілі болғандай, Ж.Мамай мен оның командасы берілген уақытта дәлелдемелерді дайындаумен емес, Б.Байбек пен басқа да тұлғаларға қатысты көптеген жалған видеолар шығарумен айналысты. Осы арқылы өзінде растайтын көптеген құжаттар мен фактілердің бар екендігі туралы дабыралы мәлімдемелер жасап, жұртшылықты сарсаңға салды. Сонымен бірге Ж.Мамай мен И.Иманбай сот процесі барысында өздерін дөрекі ұстап, судьяның сөзін бөліп, шу шығарды, негізінен талап арыз мәніне қатыссыз сөйледі, соттардың әділетсіздігі мен тәуелділігі туралы айтып кетті. Лайықсыз және жол беруге болмайтын мінез-құлықтарына қарамастан, сот жауапкерлерге төзімділікпен қарап, жұмсақтық танытты. Сотқа құрметсіздік танытқаны үшін судьяның Ж.Мамайды жауапкершілікке тартуға, ал жауапкерлердің заңгерлеріне қатысты жеке ұйғарым шығаруға барлық негіздемесі бар еді деп ойлаймын (айтпақшы, аппеляция кезінде жеке ұйғарым шығартуға күш салатын боламын).                                                                                                                                                                                                         Сондықтан қорғану құқығының бұзылуы туралы әңгімелер – өзінің сотта жеңіліс тапқанын ақтау бағытындағы кезекті талпыныстан басқа түк те емес. Екінші. Сот процесінің мерзімдері туралы. Сотқа талап-арыз берілген күннен бастап ақиқатты анықтауға және заңды шешім шығаруға 1,5 ай жеткілікті болды. Өйткені дәлелдердің болмауы сот дауының мәнін жойып, барлық айыптауларды толықтай жоққа шығарды. Басқаша айтқанда, талқылайтын түк те қалмады. Бұл ретте әрбір отырыста Мамай жалпылама пайымдаулары мен дәлелсіз айыптаулары бар бір мәтінді өңін айналдырып талмастан қайталап оқи берді. Сондықтан бұл соттың нәтижесі кез келген заңгерге анық болатын. Мысалы, пікірталас кезінде мен олардың жалған видеоларын егжей-тегжейлі саралап шыққаннан соң, жауапкерлер маған бірде бір сұрақ қоймады. Олар менің нақты жауапты талап етіп, төтесінен қойған сұрақтарыма жауап бермей, әр нәрсені айтып жалтарды (И.Иманбай қашты, ал Ж.Мамай жауап беруден бас тартты). Сонымен, «Сіз Көк Жайлауда ағаштардың кесілгенін және онда элиталық саяжайлар салынғанын өз көзіңізбен көрдіңіз бе, оның фотосуретін ұсына аласыз ба?» деген сұрағыма Ж.Мамай «менің көзім фотоаппарат емес» деп жауап берсе, заңгер Е.Қалиев бұлыңғыр сөздерді айтып, ал адвокат Г.Нұрпейісов қандай-да бір материалдардың бар екендігі туралы түсініксіз дүниелерді баяндап кетті. Әйтсе де ол іс жүзінде оны сотқа ұсынбады. Айтпақшы, бұл істің пайдасыздығы мен күлкілі екендігін ескеріп, көптеген сұрақтарды қойған да жоқпын (бұл аянышты көрініс болды!). Сұрақтар сол күйі жауапсыз қалып қойды… Кез келген адам менің қойған сұрақтарымның негізділігі мен нақтылығына көз жеткізулері үшін оны да көпшіліктің танысуы үшін осында саламын. Осылайша, мен Ж.Мамай мен И.Иманбаеваның және олардың өкілдерінің түрлі әрекеттеріне қарамастан, сот шешімі толықтай заңды әрі әділ болғанын нақты мысалдармен тағы да көрсеткім келді. Қорыта келгенде, бұл процестің саяси-құқықтық маңызы зор. Интернет пен мессенджерлер өміріміздің ажырамас бөлігіне айналып кеткен қазіргідей жағдайда, «жаңа медианың» есеп айырысу, арзан популизм мен хайп, кемсіту құралы ретінде барынша кең таралған кезеңде абыройлы атыңды қорғау, жабылған жалаға қарсы тұру айрықша өзекті болып отыр. Сынның жаладан айырмашылығы – айғақтары мен шындыққа сәйкес келетін дәлелдерінің болуында. Жалада мұның ешқайсысы да жоқ. Жала – қай кезде де өтірік. ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР Елжан Біртановты үйқамақта ұстау мерзімі тағы ұзартылды Б.Байбектің талап-арызы бойынша жүргізілген процесс жаңа саяси-құқықтық мәдениеттің бет-бедерін қалыптастыруда өте маңызды прецедент болды, оның негізінде әрбір жасаған әрекет пен айтылған сөзге жауапкершілік жатыр. Еліміздің кез келген азаматы өзін жария түрде, арсыздықпен және негізсіз қаралайтын жағдаймен ұшырасуы мүмкін. Бұл – заң мен әдеп нормаларын бұзу, бұған жол беруге болмайды. Бүкіл процесс барысында мен әлеуметтік желілер аудиториясын осы талап-арыз бойынша өз жұмысыммен үздіксіз хабардар етіп отырдым, біздің дәлелдерімізді растайтын және Ж.Мамай мен И.Иманбайдың жалған тұжырымдарын жоққа шығаратын барлық құжаттар мен сараптамаларды салдым. Болашақта осы материалдарды оқыған адамдар өзіне қарата жасалған заңсыздықтармен ымыраға келмей, кінәлі адамды жауапкершілікке тарту үшін сотқа немесе құқық қорғау органдарына жүгінеді деп үміттенемін. Менің посттарым – осы бағыттағы егжей-тегжейлі нұсқаулық», -деп жазды заңгер.

Автор: Сәке Қанатұлы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ