Мемлекеттік қызметші әдебі

0
36

Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше
сенім білдіру болып табылады. Сондықтан әрбір мемлекеттік қызметші осы
сенімді ақтайтындай қызметтеріне үлкен жауапкершілікпен қарауы қажет.
Мемлекеттік қызметшілер өз қызметінде мемлекеттік саясатты ұстануға
және оны дәйекті түрде іс жүзіне асыруға, қоғамның мемлекеттік қызметке,
мемлекет пен оның институттарына деген сенімін сақтауға және нығайтуға
ұмтылуы тиіс.
Бүгінгі күні еліміз жаңа, әділетті қоғам құруға бетбұрған уақытта
мемлекеттік қызметшілердің білімді, адал, әділ, қарапайым, іскер, кішіпейіл,
мәдениетті болуы маңызды. Осыған байланысты мемлекеттік
қызметшілердің моральдық-адамгершілік бейнесіне және іскерлік
қасиеттеріне қойылатын талаптарды жоғарылату мақсатында Қазақстан
Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі бекітілген.
Кодексте белгіленген қызметтік әдеп стандарттары барлық мемлекеттік
қызметшілер үшін міндетті және ол келесі қағидаттарға негізделеді.
Адал ниеттілік- қоғам игілігі үшін мемлекетке кәсіби және жауапты
қызмет ету;
Адалдық-өз міндеттеріне шынайы көзқарас;
Әділдік- жеке және заңды тұлғалардың, қоғамдық топтар мен
ұйымдардың ықпалына қарамастан заңды шешім қабылдау және кез келген
мән-жайлар бойынша біржақтылық пен субъективтілік себебінен адамдарды
кемсітуге жол бермеу;
Ашықтық- жұртшылықпен жұмыс істеуге дайын екенін көрсету және іс-
қимылының ашықтығын қамтамасыз ету;
Сыпайылық- азаматтар мен әріптестерге дұрыс және құрметпен қарау;
Клиентке бағдарлану- мемлекеттік қызметтерді тұтынушы ретінде
халықтың сұраныстарына толықтай бағдарлай отырып, көрсетілетін
мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру және жолданымдарды қарау
кезінде төрешілдік көріністеріне және әуре-сарсаңға салуға жол бермеу
жөнінде шаралар қабылдау.
Сонымен қатар Кодексте мемлекеттік қызметшілердің қызметтік
әдебінің стандарттары мен қызметтік әдепті бұзғаны үшін жауаптылық
белгіленген.

Маңғыстау облыстық қазынашылық департаменті
басшысының орынбасары Ж.Бердиева

ПІКІР ҚАЛДЫРУ