Президент Тоқаев Украинадағы жағдайға қатысты пікір білдірді

0
52

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Украинадағы жағдайға қатысты пікір білдірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Украинаның айналасында болып жатқан оқиғалар ерекше мәнге ие. Біздің ұстанымымыз — мемлекетіміздің қауіпсіздігін, егемендігін, аумақтық тұтастығын қамтамасыз ету. 2010 жылы ЕҚЫҰ саммитін қабылдаған ел ретінде біз еуразиялық қауіпсіздіктің бөлінбеушілік қағидатына сүйенеміз. Бұл туралы Мен 10 ақпанда Мәскеуге жасаған сапарымда мәлімдедім», — деді Тоқаев Nur Otan (Amanat) партиясының кезектен тыс съезінде.

Ол бөлінбеушілік пен ортақ қауіпсіздік қағидасы өзара сенімге негізделген түсіністікті болжайтынын айтты.

«Өкінішке орай, Минск келісімдері қағаз жүзінде қалды, соның салдарынан Украина аумағында әскери әрекет орын алды. Геосаяси жағдай бұрын-соңды болмаған жағдайда шиеленісіп кетті. Бұл үрдіс туралы бірнәрсе айту қиын. Сондықтан екі мемлекетті келіссөз үстелінде тіл табысуға, келісімге келуге шақырамын. Басқа жол жоқ. Жақсы даудан, жаман татулық артық. Бейбітшіліксіз даму болмайды. Қазақстан қажет болған жағдайда көмек көрсетуге дайын», — деп қосты Қасым-Жомарт Тоқаев.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ