Саяхатқа ең қолайлы ел азаматтығы аталды

0
25

Сингапур мен Жапония азаматтары әлемнің 192 еліне визасыз бара алады. Олардың төлқұжаттары дүние жүзіндегі ең ықпалды деп аталды. Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының (IATA) мәліметтеріне сүйене отырып, Henley Passport Index сарапшылары саяхаттарға арналған ең жақсы азаматтықтардың жаңартылған рейтингін жасады. Компанияның толық есебін Lenta.ru жариялады.

Рейтингтің ондығына Германия, Оңтүстік Корея, Финляндия, Италия, Люксембург, Испания, Австрия азаматтарының төлқұжаты кіреді. Сонымен қатар, АҚШ, Бельгия, Жаңа Зеландия, Норвегия және Швейцариямен бірге алтыншы орынға шықты. Бұл елдердің төлқұжатымен 186 елге баруға болады.

Рейтингтегі соңғы орынды Ауғанстан тұрғындарының төлқұжаты алды. Бұл әлемнің 26 еліне арнайы кіру құжаттарынсыз саяхаттауға мүмкіндік береді. Сомали, Йемен, Пәкістан, Сирия және Ирак тұрғындарының визасыз сапарларына сәл көбірек мүмкіндігі бар.

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ