Сенім пунктінде көрсетілетін қызметтер

0
17

Ең алдымен, сенім пункті дегеніміз не? Сенім пункті– ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталықтардың (бұдан әрі-ЖИТС орталықтары) және мемлекеттік медициналық ұйымдардың құрылымдық бөлімшесі. Сенім пункттері халықтың негізгі топтары (ХНТ): АИТВ-инфекциясының таралу қарқынын төмендету мақсатында инъекциялық есірткіні тұтынушылар (ИЕТ), секс-қызметкерлер (СҚ) және ерлермен жыныстық қатынасқа түсетін ерлер (ЕЖЕ) арасында алдын алу жұмыстарды жүзеге асыру үшін арнайы ашылған кабинет болып табылады. Нұр-Сұлтан қаласының ЖИТС орталығында екі сенім пункті жұмыс жасайды. Сенім пункті бөлінеді:
— стационарлық сенім пункті (медициналық ұйымдар мен үкіметтік емес ұйымдарда (ҮЕҰ) жанындағы елді мекендерде ұйымдастырылады);
-жылжымалы сенім пункті (негізгі топтар шоғырланатын орындарға арнайы санитарлық көлікпен ЖИТС орталығының қызметкерлерінің тұрақты түрде шығып тұруы).
Сенім пунктінде қандай қызметтер түрлері көрсетіледі? «Қауіптілікті төмендету» бағдарламасы аясында сенім пунктіне жүгінген әрбір клиентке келесі қызмет түрлері көрсетіледі:
АИТВ-инфекциясы, жұғу жолы, алдын алу шаралары және АИТВ-инфекциясына тексерілу қажеттігі туралы ақпарат беріледі;
Вирустық гепатиттер, жыныстық жолмен берілетін инфекциялар, АИТВ-инфекциясын жұқтыру қаупін төмендететін мінез-құлық нысандары туралы түсіндірме беру;
АИТВ-инфекциясы мәселелері бойынша тестке дейінгі және тесттен кейінгі психо-әлеуметтік кеңес жүргізу;
АИТВ-ға экспресс-әдіспен саусақтан қан және сілекейлі тест тапсыру;
Вирусты гепатит В мен С-ға тексерілу;
Клиентте тері –венерологиялық шағымы болса, достық кабинетіндегі дәрігер дерматовенерологқа жолдама беру;
Тегін түрде клиенттерге шприцтер, мүшеқаптар және гельді сұйықтар, ақпараттық-білім кітапшалар ұсыну;
Білікті және мамандандырылған медициналық көмек алу үшін медициналық ұйымдарға жіберіледі.
Егер, Сіз халықтың негізгі тоб құрамына кіретін болсаңыз, Нұр-Сұлтан қалалық ЖИТС орталығында орналасқан сенім пункті кабинетіне, немесе, Брусиловский көшесі, №4 үйде, бірінші қабатында орналасқан сенім пункті кабинетіне келіп, тегін және анонимді тұрде жоғарыда көрсетілген қызмет түрлеріне жүгіне аласыз.

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі «ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығы» МКҚК, эпидемиолог дәрігер – А.И. Жаманова

ПІКІР ҚАЛДЫРУ